«Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже
мемлекеттік тілде: «Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: коммунальное государственное учреждение «Аппарат акима Алатауского района города Алматы».
Егер «Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
«Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы - Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 21 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңына сәйкес Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің қызметiн қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 35, 38 баптарына сәйкес «Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттері болып табылады:
1) Алматы қаласы Алатау ауданы ә кiмінiң қызметiн ақпараттық талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету;
2) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасасу;
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы» Заңының 8 бабының 2 тармағына, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы» №56 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 04 наурыздағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» №931 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Преидентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» №954 Жарлығына сәйкес айқындалған:
1) әкімшілік-ұйымдық:
азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актiлерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдесу;
мемлекеттік тіл мен барлық басқа тілдердің қолданылуы мен дамуына қажетті жағдайлар жасау;
жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды ұйымдастыру;
салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдесу;
өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру;
жалғызiлiктi қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйiнде қызмет
көрсетудi ұйымдастыру;
қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған
адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету;
әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдесу;
Алматы қаласы Алатау ауданының абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөнiндегi жұмыстарын ұйымдастыру;
жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасау;
2) ақпараттық-талдау:
стратегиялық және көрсеткіштік жоспарлардың, әлеуметтік-экономикалық даму жөніндегі аумақтық бағдарламаларды дайындауды және бақылауды ұйымастыру;
Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің қызметін бұқаралық ақпарат
құралдарында жариялау;
3) құқықтық;
Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің шешімдерін, өкімдерін уақтылы рәсімдеу;
сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша тиімді бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу;
құқықтық тәртіппен заңдылықты қамтамасыз етуде қылмысқа қарсы күрес саласында құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізу;
4) кадрлық:
кадрлық құрам бойынша ұсыныстарды зерделеу, дайындау және енгізу;
мемлекеттік қызметшілердің және «Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бөлімдері қызметтерінің тиімділігін бағалау;
қызмет бағыттары бойынша жұмыс сапасы мен оның нәтижелілігін арттыру мақсатында ішкі бақылауды жүзеге асыру;
5) гендерлік аспектілерді қарау;
6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де функцяларды жүзеге асыру;
өз құзіретіндегі мәселелер бойынша бақылау және үйлестіруді жүзеге асыру;
заңнамада белгiленген тәртiпте мемлекеттік органдардан, мекемелер мен лауазымды тұлғалардан қажетті ақпараттар мен материалдарды алуға;
«Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүргізетін мәселелері бойынша, оның ішінде арнайы байланысты пайдалану және мәліметтерді жолдау арқылы мемлекеттік және заңды тұлғалармен қызметтік хат-хабарлар жазысуға;
жоғары тұрған органдарға атаулы әлеуметтiк көмек көрсету жөнiнде ұсыныс енгiзуге;
стратегиялық жоспарды және (немесе) «Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі әкiмгері болып табылатын бюджеттiк бағдарламаны әзiрлеу кезiнде жергiлiктi қоғамдастық жиналысының (жиынының) талқылауына Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес бюджет құрамында көзделген бағыттар бойынша жергiлiктi маңызы бар мәселелердi қаржыландыру жөнiндегi ұсыныстарды енгізуге;
Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 56 бабында белгіленген тәртіпте, сотқа талап арызбен жүгіну;
өзіне берілген мүлікті басқаруға;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асыруға.
1) «Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысына басшылық жасайды және ұйымдастырады;
2) Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің тапсырмасы бойынша Алматы қаласының әкімдігіне «Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекітуге ұсынады;
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды қабылдайды және ол үшін жеке жауапкершілікте болады;
4) ұсыныстар енгізеді:
Алматы қаласы Алатау ауданы әкімі орынбасарларының арасында міндеттерін бөлу бойынша;
«Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы жөнінде;
бөлінген еңбекақы төлеу қорының шегінде Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына үстемақылар және қосымшаақылар бойынша;
көтермелеу мен тәртіптік жаза қолдану мәселесі бойынша, ;
5) жалпы басшылық жасайды және «Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бөлімдерінің қызметін үйлестіреді;
6) Алатау ауданының әкімі қабылдаған шешімдері мен өкімдерінің орындалуын бақылау жұмыстарын үйлестіреді;
7) «Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құзыретінің шегінде қызметтік құжаттарға қол қояды;
8) «Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ішкі еңбек тәртібін белгілейді;
9) әкімнің тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдардың Алатау ауданының әкімі қабылдаған актілерінің орындалуы мәселелері жөніндегі келіспеушіліктерді қарау жөніндегі мәжілістерді шақырады;
10) Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі жүктеген басқа да функцияларды орындайды;
11) заңнамаларға сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
аудандық қызметтердің, кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің басшыларынан Алатау ауданы аудан әкімі үшін қажетті материалдарды, аудан әкімінің актілерінің орындалуы туралы есептерді талап етуге;
қолданыстағы заңнаманың талаптарына және аудан әкімінің қарауына енгізу тәртібіне сәйкес келмеген жағдайларда материалдарды және Алматы қаласы Алатау ауданы әкімі актілерінің жобаларын қайтаруға;
Алматы қаласы Алатау ауданы әкімі аппаратының басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
«Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.