2022 жылға арналған электрондық құжат айналымын талдау
Жалпы құжат айналымы
Алатау ауданы әкімінің аппаратына 2022 жылдың басынан бастап 31 желтоқсанға дейін жеке және заңды тұлғалардан 3643 – өтініш түсті, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2738) 24,8 %-ға өсті (905 өтініш).
Жеке тұлғалардан -3210 өтініш, (88,11%), заңды тұлғалардан- 433 өтініш(11,8%) келіп түсті.
Шешілген сауалдар-- 626 (17,18%)
Құзырлы органға жіберілгендер-- 1525 (41,86%)
Түсініктеме берілді- 1474(40,46%)
Тоқтатылғаны—18 (0,49%)
Талдау көрсеткендей, өтініштердің көптеп түсуінің негізгі себептерінің бірі инженерлік желілерді (су құбыры және кәріз) төсеу, жол жөндеу, қоғамдық орындарды абаттандыру, көшелерді жарықтандыру, сонымен қатар әлеуметтік мәселелер: (материалдық көмек, тіркеу жәрдемақы, азық-түлікпен қамтамасыз ету және ақшалай өтемақы) және т.б.
Бірінші орында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығынан өтініштер – 1192 (32,7%).
Екінші орында Көріктендіру мәселесі – 785 (21,5%)
Үшінші орында әлеуметтік мәселелер – 493 (13,5%).
Төртінші орында – кәсіпкерлік – 180 (4,9%)
Бесіншіден – жер және жер пайдалану мәселелері – 120 (3,2%).
Әртүрлі сипаттағы сұрақтар – 873 (23,9%)
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, абаттандыру және көгалдандыру, көлік және коммуникация мәселелері, әлеуметтік көмек көрсету және т.б. сияқты типтік сипаттағы мәселелер аудан тұрғындарының аудан әкімдігіне жолдаған өтініштерінің басымдылығында қалып отыр.
2022 жылдың басынан 31-ші желтоқсанға дейін Open Almaty арқылы 354 өтініш түсті. 2021 жылмен салыстырғанда өтініштер саны 1,4 ке артты. (2021 жылы-252 өтініш)
Талдаудың нәтижесі көрсеткендей, Алатау ауданы тұрғындарын толғандыратын басты сауалдар , коммуналдық мәселелер, атап айтсақ: сумен қамтамасыз ету, электр желіліремен жабдықтау, орталық газ желісімен жабдықтау, сондай-ақ жаңа жолдар салу, көшелерді жарықтандыру, жер телімдерін заңдастыру мен аумақты көріктендіру.
Сонымен қатар қоғамдық көлік мәселелері, автобустардың жүру уақыттарын ұзарту, қысқарту, және қоғамдық тәртіп, әлеуметтік сипаттағы сұрақтар мен кәсіпкерлік мәселелері.
2022 жылы Алатау ауданы әкімінің аппаратына келіп түскен кіріс хаттардың саны- 8880, оның ішінде: 433 хат- заңды тұлғалардан, 3203 хат жеке тұлғалардан, 5237- қызметтік хаттар. Шығыс хаттар саны- 3468, жалпы құжат айналымы- 12 348 хатты құрайды.
Әлеуметтік желі арқылы азаматтардан түскен 10 854 өтініштің 1 300-і аудан әкімінің сайтына, 9 950-і әкім аппаратының акаунтына түскен.
Аудан әкімі аппаратының аккаунтына абаттандыру, аулаларды жөндеу, инженерлік коммуникациялар салу, сондай-ақ ауданда өткізілген саяси, әлеуметтік-мәдени және спорттық іс-шаралар бойынша бөлімдердің жұмысын көрсететін 480 материал жинақталған.
Барлық өтініштер заңмен белгіленген мерзімде қаралды, мерзімі өткен өтініштер жоқ.