Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Алатау ауданы бойынша 2022 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша атқарған жұмыстары туралы ақпарат
Алматы қаласы әкімдігінің Алатау ауданы бойынша кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Жұмыс жоспарын орындау мақсатында есептік кезеңде комиссияның 22 отырысы өткізіліп, онда 65 кәмелетке толмағандарға және олардың заңды өкілдеріне қатысты 45 материал және 3 жоспарлы мәселе қаралды. Олардың ішінен:
1-ші отырыс – облыстық қоғамдық ұйымның облыстық бөлім басшысы мен ОЮП басшысының атқарылған жұмыстар туралы есебін тыңдау.
2 мәжіліс – тұрғындар арасында өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу және жыныстық қол сұғылмаушылыққа нұқсан келтіретін қылмыстардың алдын алу бойынша.
Бүгінгі күні кәмелеттік жасқа толмағандардың 18 заңды өкілдерін тәрбиелеу және оқыту бойынша өз міндеттерін орындамағаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша) жауапкершілікке тартылды.
Кәмелетке толмаған 5 адам СООДП ішіне орналастырылды.
Кәмелеттік жасқа толмағандардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнгеніне байланысты комиссия 4 ата-анаға ата-ана құқығын шектеу туралы шешім қабылдады, қазіргі уақытта сотқа тиісті талап-арыз берілді.
Ата-анасы түрлі себептермен мектепке қабылдауды қамтамасыз етпеген 8 кәмелеттік жасқа толмағандар анықталып, комиссия шешімімен мектепке қабылданды.
Сондай-ақ, комиссияның қарауына жалпы білім беретін мектептерге ұзақ уақыт бармау бойынша 7 кәмелетке толмағандардың материалы түсті. Аталған кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері (ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша) кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Мектеп директорларына алдағы уақытта кәмелетке толмағандарды мектебіне баруды бақылауға алу тапсырылды.
Медициналық, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсету мақсатында Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия Алатау ауданы бойынша медициналық-әлеуметтік есепке алуды жүргізеді, оның құрамына тұрмысы нашар отбасылар мен баланың мінез-құлқына әсер ететін заңды өкілдері кіреді.
Алатау өңірінің медициналық-әлеуметтік тіркеуде 48 отбасы бар, оларда 97 кәмелетке толмағандар тәрбиеленуде.
Комиссия жанұялардың тұрмыстық жағдайын, отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынасты зерделеу және балалардың қараусыздығы мен панасыз қалу фактілерін анықтау мақсатында медициналық-әлеуметтік есепке алу бойынша аулаларды аралау жұмыстарын жүргізді. Балалар өгей әкелерімен, өгей шешелерімен және аналармен бірге тұратын отбасыларға ерекше назар аударылады.
Тексеру қорытындысы бойынша медициналық-әлеуметтік есепке алынған 12 отбасы ата-аналық міндеттерін дұрыс атқару және бала құқықтарының бұзылуы мәселелері бойынша комиссияның қарауына шығарылды. Оның 8-і ҚР ӘҚК-нің 127-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 1 заңды өкілге ата-ана құқығын шектеу туралы қаулы шығарылды, қазіргі уақытта ата-ана құқығын шектеу туралы сотқа талап-арыз берілді.
«Мектепке жол» акциясы аясында медициналық-әлеуметтік есепте тұрған 40 кәмелеттік жасқа толмағандар кеңсе тауарлары, рюкзактар, спорттық костюмдермен қамтамасыз етіліп, тұрақты түрде азық-түлікпен қамтамасыз етілуде.
Медициналық-әлеуметтік есепке алынған 2 отбасына туу туралы куәлік алуға көмек көрсетілді.
Медициналық-әлеуметтік есепте тұрған 8 ата-анаға жұмысқа орналасуға көмек көрсетілді.
Сонымен қатар, комиссияның нұсқауымен мектеп психологтары медициналық-әлеуметтік есепте тұрған 52 кәмелетке толмағандармен жеке жұмыс жасайды.
Жалпы, бұл бағыттағы жұмыстар белсенді жүргізіліп, тұрақты бақылауда.
Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы
кәмелетке толмағандардың істері
және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі
ведомствоаралық комиссияның
Алатау ауданы бойынша Төрағасы Сабитов Б.Е.