ЭКОНОМИКА
2021 жылы мемлекеттік бюджетке 64 млрд. 512 млн. теңге салық түсіп, жоспар 105%-ға орындалды.
«Индустриалық-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы аясында 7 кәсіпорын іске қосылып, 724 жаңа жұмыс орындары ашылды.
Инвестиция көлемі 126,3 млрд. теңгені құрады.
Сондай-ақ, өткен жылы 83 шағын-орта кәсіпорындары іске қосылып, 4110 жаңа жұмыс орындары ашылды. Орташа жалақы көлемі 204 мың теңгеге жетті.
Кәсіпкерлікті қолдау мемлекеттік бағдарламалары аясында 456 жобаға 48,5 млрд. теңге көлемінде қаржыландыру көрсетілді.
ЖОЛ-КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ
Алатау ауданында жол инфрақұрылымын дамыту мақсатында «Самғау» (4,6 км), «Өжет» (11,2 км), «Шаңырақ-5» (6,6 км), «Алғабас» (11,1 км) шағынаудандарында ұзындығы 33,5 шақырымды құрайтын жаңа жол салынды.
Сонымен қатар, 8 шағынаудан бойынша («Самғау», «Томирис», «Дархан», «Көкқайнар», «Өжет», «Саялы», «Зерделі», «13-аумақ» шағынаудандары) және ауданның магистральды Солтүстік айналым, Рысқұлов, Емцов көшелеріне жалпы ұзындығы 39,3 шақырым орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 5,3 шақырым жаяу жүргіншілер жолы салынды.
Сондай-ақ, Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесінің қиылысындағы ірі жолайрығы салынып, автокөліктер қозғалысы жеңілдеді.
2022 жылға «Алғабас», «Шапағат» және «Шаңырақ-1» шағынаудандары бойынша жалпы ұзындығы 41,8 шақырымға созылған жаңа жол құрылысына жобалау-сметалық құжаттама әзірленді. Биылғы жылы жобаларды іске асыру «Алғабас» шағынауданында жоспарланған. «Шаңырақ-1» және «Шапағат» шағынаудандарында жол жөндеу жұмыстары су және кәріз желілерінің құрылысы аяқталғаннан кейін жүргізіледі.
ИНЖЕНЕРЛІК ЖЕЛІЛЕРДІ ДАМЫТУ
Бүгінгі таңда 7 шағынауданда (Шапағат, Қарасу, Алғабас, Ұлжан-1, Әйгерім-1,2, Шаңырақ-1, Боралдай) 207 шақырым инженерлік желілердің құрылысы бүгінгі таңда жалғасын табуда. (су желісі– 116,6 және кәріз жүйесі – 90,3 шақырым).
Сонымен қатар, қазіргі уақытта «Ақбұлақ» (28,74 шақырым), «Өжет» (83,41 шақырым) және «Самғау» (37,46 шақырым) шағынаудандарындағы салынған желілерді пайдалануға беру жоспарлануда.
Сондай-ақ, биылғы жылы «Теректі» шағынауданында 44 шақырым су құбыры мен 32 шақырым кәріз желілерін салу жоспарланған.
Кәріз жүйесіндегі сарқынды суларды ағызу үшін аудан аумағында 16 кәріз сорғы станцияларының құрылыс жалғасуда. («Көкқайнар» (4 КСС), «Томирис» (5 КСС), «Шаңырақ-2» (7 КСС) шағынаудандары) Құрылыс жұмыстары биылғы жылы аяқталады.
Газбен қамтамасыз ету
Алатау ауданы аумағында 37 800 жеке үйлердің 37 198-і газға қосылған, қалғандарында магистральдық газ құбырлары салынуда.
Өткен жылы халықтың әлеуметтік осал топтары бойынша газға қосылмаған 57 үй толығымен орталықтандырылған газ желісіне қосылды.
Ағымдағы жылы «AIR VISION» қоғамдық қорымен бірлесе әлеуметтік аз қамтылған 50 отбасының үйін газға қосу жоспарлануда.
Сонымен қатар, «ҚазТрансГаз-Аймақ» АҚ-ның инвестициялық бағдарламасына сәйкес, 2022 жылы аудан аумағында 4,6 шақырым магистарльді газ құбырын салу жоспарланған. Нәтижесінде, 89 жеке сектордағы үйлер орталық газ желісімен қамтылатын болады.
ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Қазіргі уақытта «Алғабас» және «Теректі» шағынаудандарында тозығы жеткен электр желілеріне қайта құрылымдау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, аталған жұмыстар 7 шағынауданның («Әйгерім», «Самғау», «Шапағат», «Ұлжан», «Шаңырақ-1», «Көкқайнар» және «14 аумақ» шағынаудандары) бірқатар көшелерінде жүргізілетін болады. Құрылыс жұмыстарды толығымен аяқтау биылғы жылдың мамыр айына жоспарланған.
ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІ
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың «Жаңа Алматы – шетсіз қала» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, Алатау ауданы тұрғындарын жоғары заманауи жылдамдықтағы интернетпен қамтамасыз ету мақсатында, Алматы қаласы әкімдігі мен «MEGANET» ЖШС компаниясы арасында меморандум жасалынды
Қазіргі таңда компания тарапынан «Алғабас» және «Теректі» шағынаудандарында құрылыс жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп, тұрғындар интернет желісіне қосылуда. Сондай-ақ, «Ақбұлақ», «Әйгерім», «Шаңырақ-1,2», «Ұлжан-1,2», «Шапағат», «Дархан», «Өжет», «Боралдай», «Мәдениет» және «Көкқайнар» шағынаудандарында аталған интернет желісін орнату 2022 жылдың жоспарында бар.
ҚҰРЫЛЫС
Өткен жылы 279 мың шаршы метрден тұратын 2321 пәтер пайдалануға берілді.
Мемлекеттік бағдарлама аясында 22 тұрғын үйден тұратын «Мәдениет» тұрғын үй кешені салынып, бүгінгі таңда «Шаңырақ» пилоттық жобасы аясында пайдалануға берілуде.
Жеке инвестициялар есебінен 3 тұрғын үй кешені салынды. Айта кетсек: «Алмалы» (3 үй), «Алатау Сити» (4 үй), «Ырысты» (6 үй) тұрғын үй кешендері.
Өткен жылы жеке инвестиция есебінен 1105 мың шаршы метр 107 үй салынуда.
Сонымен қатар, жалпы ауданы 3930 шаршы метрді құрайтын заманауи талаптарға сай етіп салынған, жаңа Өрт сөндіру депосы қолданысқа берілді.
Жеке инвестициялар есебінен «Нұркент» шағынауданында 2 теннис орталығы, «Зерделі» шағынауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда. Аяқталуы биылғы жылға жоспарланған.
Қазіргі уақытта 7000 адамға арналған мешіт салынуда. Аяқталуы 2022 жылға жоспарланған.
КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ АУЛА АУМАҚТАРЫН
КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ
Өткен жылы 53 аулаға («Қарасу» (2 аула), «13 аумақ» (1 аула), «Теректі» (2 аула), «Саялы» (30 аула), «Нұркент-1» (5 аула) және «Зерделі» (13 аула) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстар мамыр айында толық аяқталады.
Сондай-ақ «Нұркент» шағынауданында 18 үйдің қасбеттеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Биылғы жылы «Ақбұлақ» және «Зерделі» шағынаудандарындағы 70 үйдің қасбеттеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарлануда.
КӨРІКТЕНДІРУ САЛАСЫ
2021 жылы «Бюджетке қатысу» бағдарламасы аясында 31 жоба іске асырылды.
Осы жобалардың аясында бос жатқан жерлерде жаңа қоғамдық кеңістіктер, ойын және ворк-аут алаңдарымен қатар спорт кешендері, жаяу жүргіншілер мен жасыл аймақтары салынды.
Биылғы жылы, аталған бағдарлама аясында халық демалатын тағы 26 жоба іске асырылады.
Алатау ауданы көшелерінің жарықтандырылуы 85%-ды құрайды. Биылғы жылы 513 жарықтандырылмаған көше толығымен көше жарығымен қамтылатын болады. Осылайша, ауданның жарықтандырылуы 100%-ға жетеді.
Өткен жылы Алатау ауданында 25 мыңнан астам ағаш отырғызылды. Сондай-ақ, биылғы жылы «Жасыл Алматы» жобасы аясында көктем мезгілінде 130 мың ағаш отырғызу жоспарланған.
Сондай-ақ 12 шақырымды құрайтын 11 көшенің арық желілеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, биылғы жылға қосымша 51 шақырым 69 көшеге арық салу жоспарланған.
БІЛІМ БЕРУ
Білім сапасын дамыту бағытында өткен жылы №166 лицейге
125 орындық қосымша оқу корпусы салынды. Жаңа ғимаратта асхана, кітапхана, спорт залы қамтылған.
Сонымен қатар, «Саялы», «Нұркент», «Дархан», «Рахат-Мәдениет», «Томирис» шағынаудандарында 7800 орынға арналған 5 жаңа заманауи мектептер салынуда. Биылғы оқу жылында пайдалануға беру жоспарланған.
Сондай-ақ, «Саялы-2» шағынауданында 550 орындық және «Зерделі» шағынауданында 600 орындық мектеп салуға жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленуде.
Ауданның 9 мектебінде (180,169,82,185,151,182,179,149,184) жаңа спорт алаңдары салынды.
Қашықтықтан оқыту форматы аясында аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балаларына 11 240 ноутбук пен планшеттер беріліп, 6084 оқушыға 35 мың теңгеден материалдық көмек көрсетілді.
2022 жылы 2 балабақша салу жоспарланған. «Нұркент» шағынауданында 320 орындық және «Саялы» шағынауданында 160 орындық балабақшалар.
ДЕНСАУЛЫҚ
Сапалы медициналық қызмет көрсету және медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін 5 мемлекеттік және 2 жеке меншік емхана, 5 дәрігерлік амбулатория жұмыс істейді.
Өткен жылы «Дархан» шағынауданындағы Компьютерлік томография орталығы ашылды.
«Қарасу» мен «Саялы» шағын аудандарында бір ауысымда 200 адам қабылдайтын 2 дәрігерлік амбулатория құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Құрылыс жұмыстары биылғы жылға жоспарланған.
Нұркент шағынауданында «Инфекциялық ауруларды зерттеу Ұлттық орталығының» құрылысы жүргізілуде. Аяқталу мерзімі 2022 жылы жоспарланған.
ӘЛЕУМЕТТІК САЛА
2021 жылы атаулы әлеуметтік көмекті 1 945 отбасы алды, 7393 көпбалалы отбасыға қосымша мемлекеттік жәрдемақы төленді.
4399 мүгедек қажетті арнайы құралдармен және қызметтермен қамтамасыз етілді.
«Бизнес Бастау» бағдарламасы шеңберінде 373 адам, оның ішінде 135 жастар өз бизнестерін ашу үшін қайтарымсыз гранттар алды.
Әлеуметтік осал топтағы азаматтарға қолдау көрсету мақсатында "Бақытты отбасы" әлеуметтік орталығы және "Алатау аналары", "Аналарға көмек" қоғамдық қорлары мен "Зейін" оқыту орталықтары, «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубы, «ISKER ANA» бағдарламасының тігін цехы және «Alatau Creative Hub» орталығы жұмыс жасауда.
2022 жылы ауданда балаларға арналған коррекциялық орталық пен аутизмі бар балаларға арналған оңалту орталығын ашу жоспарланған.
МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ
Ауданда 2020-2021 жылдары 14 жаңа шағын футбол алаңдары, 7 жекпе-жек орталықтары, 2 скейт, 2 волейбол, 4 баскетбол және 32 воркаут алаңдар салынды.
Аталған спорт алаңдарына «Еңбек» бағдараламасы аясында алынған арнайы жаттықтырушылар жергілікті балаларды футбол, баскетбол, каратэ, бокс, күрес сынды спорт түрлеріне баулуда.
Өткен жылы Алатау ауданында 103 атауы жоқ көшеге жаңа атау беріліп, 4300 үйге арнайы аншлагтар орнатылды.
(«Алғабас» 10 көше, «Мәдениет» 40 көше, «Теректі» 38 көше, «Қарасу» 11 көше, «Ақбұлақ» 4 көше).
ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІП
Ауданның 6 криминогендік учаскелерінде «Модуль» стационарлық полиция бекеттері орнатылды. (Саялы-1,2, Зерделі, Нұркент, Ақбұлақ, Қарасу шағынаудандары).
84 «Сергек» камералары орнатылып, адам көп шоғырланған орындарға Алматы қаласы Полиция департаментінің жедел әрекет ету орталығына қосылған 55 бейнекамера жүйелері орнатылды. Сонымен қатар, биылғы жылы қосымша 300 камера орнату жоспарланған.
Қоғамдық тәртіпті қадағалауды күшейту және құқық бұзушылықтарға жедел шара қолдану мақсатында, Нұркент шағын ауданында Алатау аудандық Полиция басқармасы жанынан қосымша аудандық Полиция бөлімі ашылды.
Мемлекет басшысының тапсырмасының шеңберінде, Алматы қаласы бойынша Алатау ауданы аумағында «Полицияның сервистік моделі» пилоттық жобасы іске қосылды. Сервистік полиция – бұл өзін қауіпсіз сезіну деңгейін көтеру және билік өкілдеріне сенімді арттыру мақсатында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің проблемаларын шешуге бағытталған қызмет.