Ұйымдастыру жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің талдамалық анықтамасы

                                                                                 Алматы қаласы

                                                                                 Алатау ауданының әкімі

                                                                                 А.Б. Қалдыбековке

 

 

Ұйымдастыру жұмысы және құжаттамалық

қамтамасыз ету бөлімінің

талдамалық анықтамасы

 

Алматы қаласы                                                                            14.01.2021 жыл

 

         Біз, Алматы қаласы Алатау ауданы әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаудан өткізу құрамы және жұмыс тобының төрағасы Жеңіс Жауғаштыұлы Садырхановтың, мүшелері Адлет Қайратұлы Тоқтасыновтың, Баян Коқымбайқызы Қарсақбаеваның, Мұхтар Қайратұлы Көлбаевтың қатысуымен ұйымдастыру жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің хаттарды қарау және кадрлардың ауысуы мәселелері бойынша тексеру жүргізіп, төменде берілген жағдаяттар анықтадық:

         Алатау ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің штат кестесі бойынша қызметкерлер саны – 6 бірлікті құрайды (бөлім басшысы және 5 бас маман).

         Соның ішінде 1 бірлік бала күтімі бойынша негізгі демалыста (декреттік демалыс):

№

Аты-жөні

Демалыс күні

Лауазымы

1

Омаргазина Балнур Мухтарбековна

21.10.2021

Ұйымдастыру жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы

 

         Кадрлардың ауысуы:

         Өз еркімен 2 адам жұмыстан шығарылды.

№

Аты-жөні

Демалыс күні

Лауазымы

1

Жақупбек Жанат Маратұлы

07.02.2020

Ұйымдастыру жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы

2

Нуркеева Баян Сагинтаевна

01.09.2020

Ұйымдастыру жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы

         Тәртіптік жазалары жоқ.

 

         Құжатайналым:

         2020 жылы аудан әкімі аппаратының құжат айналымы – 10 201 өтінішті құрады, оның ішінде: жеке тұлғалар – 1708, заңды тұлғалар – 491, шығыс –
3805, ҰӨҚ (ұйымдастыру-өкімдік құжаттар) – 47, ҰҚ (ұйымдастыру құжаттары) – 119, қызметтік хат – хабарлар – 3 961, ҚБП (қызметтік бабында пайдалану үшін) - 70.

         2020 жылы аудан әкімі аппаратына жеке және заңды тұлғалардан                 2199 жазбаша өтініш келіп түсті, 2019 жылмен салыстарған кезеңде – 2068 (айырмашылық 131 өтініш).

         Жеке тұлғалардың өтініштері – 1708 (2019ж. 1603);

         Заңды тұлғалардың өтініштері - 491 (2019ж. 465).

         2199 өтініштің ішінен оң шешілді – 499, уәкілетті органдарға – 1108 жолданды, 592 түсініктеме берілді.

Оның ішінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына қатысты – 548, көріктендіру саласы-420, әлеуметтік сала бойынша-596, түрлі мәселелер бойынша-635. Сұрақтардың 68% заңда белгіленген тәртіппен түсініктемелер мен жауаптар берілді, айтылған проблемалардың 32%  оң шешімін тапты.

2020 жылы Алатау ауданының тұрғындары ҚР Президенті Әкімшілігіне 3 өтініш жолдады. Сұрақтар әлеуметтік және тұрғын үй-коммуналдық сипатқа қатысты болды. Әрқайсысы бойынша түсініктемелер беріліп, тиісті шаралар қабылданды.

           Есеп беру кезеңінде азаматтардың өтініштерін қарау жөніндегі талдау жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің негізгі саны тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, абаттандыру, халықты әлеуметтік қорғау, шағын және орта бизнес объектілерінің қызметі, сондай-ақ жолаушылар көлігі мәселелерін қозғайтынын көрсетеді.

          Ағымдағы жылдың басынан аудан әкімі аппаратының регламентіне сәйкес, аудан әкімінің 32 жеке қабылдауы өткізілді, онда 198 адам қабылданды, оның 42  оң шешілді, 156 түсініктеме берілді.

          Барлық сұрақтар бойынша жазбаша түрде түсініктеме берілді, қажет болған жағдайда, мәселелер жергілікті жерге барып қаралып, тиісті шаралар қабылданды.

          Ұйымдастыру жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің жоспарына сәйкес:

  • Алматы қаласы әкімі аппаратына 2020 жылдың 1,2 және 3 тоқсандағы электрондық құжатайналымы бойынша есеп;
  • Алматы қаласы бойынша ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі басқармасына 1-ОЛ нысаны бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ай сайынғы есеп;
  • Аудан әкімінің жеке қабылдауы бойынша Алматы қаласы әкімі аппаратына ай сайынғы есеп;
  • Мемлекеттік қызметшілер бойынша тоқсан сайынғы статистикалық есеп;
  • Тәртіптік жаза тартылғандар туралы тоқсан сайынғы есеп;
  • Аудан әкімінің негізгі қызмет бойынша өкімдері мен шешімдері туралы тоқсан сайынғы есеп;
  • Кадрлық тұрақтылық бойынша тоқсан сайынғы есеп;
  • 100 нақты қадам бойынша тоқсан сайынғы есеп;
  • Тәртіптік теріс қылық жасағандар бойынша салыстыру актілері;
  • Қайта даярлау мен біліктілігін арттыру курсы бойынша ай сайынғы есеп;
  • Таза ауысым бойынша ай сайынғы есеп құзырлы органдарға уақытылы жолданды.

         Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша тексеру қорытындысы бойынша келесі ҰСЫНЫЛДЫ:

  1. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңын қатаң сақтау.
  2. «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы №703 қаулысын сақтау.

 

 

Жұмыс тобының төрағасы:                                                 Ж.Ж. Садырханов

 

Жұмыс тобының мүшелері:                                                   А.Қ. Тоқтасынов

 

                                                                                                     Б.Қ. Қарсақбаева

 

                                                                                                            М.Қ. Көлбаев

 

Жұмыс тобының хатшысы:                                                   А.Ж. Аскербеков

Дата публикации
15 января 2021