|
№ |
Мемлекеттік қызметтің атауы
|
Жауапты маман |
|
1 |
Педагогтерді аттестаттаудан өткізу ережелері мен шарттары |
Найра Жабайқызы Турежанова Тел: +7 (71546) 21703
|
|
2 |
Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру |
Махаббат Бурумбайқызы Молдабаева Тел: +7 (71546) 21605
|
|
3 |
Кәмелетке толмағандардың мүлкіне билік ету үшін Анықтама беру |
Махаббат Бурумбайқызы Молдабаева Тел: +7 (71546) 21605
|
|
4 |
Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу |
Махаббат Бурумбайқызы Молдабаева Тел: +7 (71546) 21605
|
|
5
|
Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы төлеуді тағайындау |
Махаббат Бурумбайқызы Молдабаева Тел: +7 (71546) 21605
|
|
6 |
Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау |
Махаббат Бурумбайқызы Молдабаева Тел: +7 (71546) 21605
|
|
7 |
Баланы (балаларды) асырап алушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларды күтіп-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау |
Махаббат Бурумбайқызы Молдабаева Тел: +7 (71546) 21605
|
|
8 |
Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлем тағайындау |
Махаббат Бурумбайқызы Молдабаева Тел: +7 (71546) 21605
|
|
9 |
Он жасқа толған баланың пікірін есепке алу туралы қорғаншылық және қамқоршылық органының шешімін беру |
Махаббат Бурумбайқызы Молдабаева Тел: +7 (71546) 21605
|
|
10 |
Балаға теріс әсер етпейтін ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарға баламен кездесуге рұқсат беру |
Махаббат Бурумбайқызы Молдабаева Тел: +7 (71546) 21605
|
|
11 |
Шалғайдағы ауылдық пункттерде тұратын балаларға жалпы білім беретін ұйымдарға және үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну |
Самал Күшәліқызы Закарина Тел: +7 (71546) 21622
|
|
12 |
Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну |
Самал Күшәліқызы Закарина Тел: +7 (71546) 21622
|
|
13 |
Мемлекеттік білім беру мекемелерінің білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалу үшін құжаттарды қабылдау және жолдамалар беру |
Айнұр Мұратбекқызы Елюбаева Тел: +7 (71546) 21743
|
|
14 |
Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (6 жасқа дейінгі) балаларды кезекке қою |
Айжан Лукманқызы Хасенова Тел: +7 (71546) 21743
|
|
15 |
Ақжар ауданының білім беру мекемелеріне мектепке дейінгі ұйымға қабылдау және қабылдау |
Айжан Лукманқызы Хасенова Тел: +7 (71546) 21743
|
|
16 |
Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру |
Самал Күшәліқызы Закарина Тел: +7 (71546) 21622
|
2025 жылғы 30 шілдеде білім бөлімі комиссиясы құрамында:
– бөлім басшысының міндетін атқарушы Е.Р. Шапиев,
– әдіскер А.Л.Хасенова,
– бас бухгалтер Д.А.Жолдаспаева,
– бас экономист Ж.К.Аменова.
Ленинград №1 орта мектебінде жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының барысын тексеріп қайтты.
Тексеру нәтижесі бойынша:
Демонтаж – 95%
Отмостка – 100%
Шатыр – 100% (чердақ ішіндегі жұмыстар аяқталмаған)
Фронтон қаптау – 25%
Фасад – 66% (жылу оқшаулау – 73%)
Жылу жүйесі – 100%
Қабырғаларды сылау – 90%
Төбені сылау – 90%
Еден (стяжка) – 100%
Есік орнату – 60%
Линолеум төсеу – 50%
Еден плиткасы – 70%
Қабырға қалау және есік-терезе ойықтарын толтыру – 100%
Цоколь – 5%
Жұмыстардың жалпы орындалуы – 78%
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде «Келешек мектептері» ұлттық жобасы қарқынды жүзеге асырылуда. Барлық оқу кабинеттері жаңа технологиялармен – интерактивті тақталармен және компьютерлермен жабдықталған, бұл оқытудың инновациялық әдістерін енгізуге және білім беру процесінің сапасын арттыруға ықпал етеді
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Ақжар ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жоспары негізінде жыл сайын мамыр, маусым, шілде айларында Ақжар ауданының барлық білім беру ұйымдарында «Бір күн қалада» жобасы аясында бір-екі күндік экскурсиялық, туристік сапарлар Бурабай мен Петропавл қаласында өтуде. Жазғы демалыс-бала үшін дамудың, шынығудың және тәрбиенің маңызды кезеңі. Жобаның басты мақсаты: балаларға демалысты қызықты өткізумен қатар, өздерінің танымын, көкжиегін кеңейтіп, денсаулықтарын нығайту және рухани-адамгершілік тәрбиесін қамтамасыз ету, әрбір баланың арманы -жазғы демалысын қызықты өткізу.Бағдарлама шеңберінде Петропавл қаласына саябақ аттракциондар паркіне, Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайына, Абылай хан резиденциясы, ботаникалық бақ мұражай, Аквапарк « Нептун» кешеніне бару болып табылады. Қатысушылар елдің негізгі тарихи-мәдени нысандарын тамашалауда. Бұл балаларға туған елдің кеңжайлығын, алуан түрлілігін сезінуге мүмкіндік береді.Бұл жоба жыл сайын Бурабайға - 800 оқушы , Петропавл қаласына Аквапарк « Нептунға» - 900 оқушыны қамтиды. Петропавл қаласына іс-сапарлар оқу жылы бойы қысқы мерзімінде де өткізіледі.Аудандық білім бөлімінің автобусымен қамтамасыз ете отырып өткізіледі.Барлық іс-сапарлар білім беру ұйымдарының әлеуметтік желілерінде фото суреттермен жарияланады.
«Ақжар ауданының білім бөлімі»КММ
Тәрбие ісі-жөніндегі әдіскері: Елюбаева Айнұр Мұратбекқызы
ҚР Оқу-ағарту министрлігі: оқушылардың оқу және демалыс кезеңдері айқындалды
ҚР Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру ұйымдарында 2025–2026 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ каникул кезеңдерін нақтылады.
Оқу процесі 2025 жылғы 2 қыркүйекте басталып, 2026 жылғы 25 мамырда аяқталады. Білім күніне арналған салтанатты жиынның уақыты мен күні мектептің педагогикалық кеңесінің шешімімен белгіленеді.
Бірінші тоқсанда оқу уақыты 8 апта. Күзгі каникул 2025 жылғы 27 қазанда басталып, 2 қарашаны қоса алғандағы 7 күнге созылады.
Екінші тоқсан 8 оқу аптасынан тұрады. Қысқы каникул 2025 жылғы 29 желтоқсанда басталып, 2026 жылғы 7 қаңтарды қоса алғандағы 10 күнге жалғасады.
Бірінші сынып оқушылары үшін қосымша демалыс 2026 жылғы 9 ақпаннан 15 ақпанды қоса алғандағы 7 күнді құрайды.
Үшінші тоқсан 10 оқу аптасынан тұрады. Көктемгі каникул 2026 жылғы 19 наурызда басталып, 29 наурызды қоса алғандағы 11 күнге созылады.
Төртінші тоқсанның ұзақтығы 8 оқу аптасын құрайды, оқу жылы 2026 жылғы 25 мамырда аяқталады.