Бір күн қалада

Бір күн қалада

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Ақжар ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жоспары негізінде  жыл сайын мамыр, маусым, шілде айларында Ақжар ауданының барлық білім беру ұйымдарында «Бір күн қалада» жобасы аясында бір-екі күндік экскурсиялық, туристік сапарлар Бурабай мен Петропавл қаласында  өтуде. Жазғы демалыс-бала үшін дамудың, шынығудың және тәрбиенің маңызды кезеңі. Жобаның басты мақсаты: балаларға демалысты қызықты өткізумен қатар, өздерінің танымын, көкжиегін кеңейтіп, денсаулықтарын нығайту және рухани-адамгершілік тәрбиесін қамтамасыз ету, әрбір баланың арманы -жазғы демалысын қызықты өткізу.Бағдарлама шеңберінде Петропавл  қаласына саябақ аттракциондар паркіне, Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайына, Абылай хан резиденциясы, ботаникалық бақ мұражай,  Аквапарк « Нептун»  кешеніне бару болып табылады. Қатысушылар  елдің негізгі  тарихи-мәдени  нысандарын тамашалауда. Бұл балаларға туған елдің кеңжайлығын, алуан түрлілігін сезінуге мүмкіндік береді.Бұл жоба жыл сайын Бурабайға - 800 оқушы , Петропавл қаласына Аквапарк « Нептунға» - 900 оқушыны қамтиды. Петропавл қаласына іс-сапарлар оқу жылы бойы қысқы мерзімінде де өткізіледі.Аудандық білім бөлімінің автобусымен қамтамасыз ете отырып өткізіледі.Барлық іс-сапарлар білім беру ұйымдарының әлеуметтік  желілерінде фото суреттермен жарияланады.

 

«Ақжар ауданының білім бөлімі»КММ

Тәрбие ісі-жөніндегі әдіскері: Елюбаева Айнұр Мұратбекқызы