GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Мәслихат туралы
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Все материалы
Мәслихат сессиялары
18 сентября 2026
Аудандық мәслихаттың кезекті XLV сессиясы өтті

Бүгін аудандық мәслихат төрағасы Сәлімгерей Сиражевтің төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезекті XLV сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімі, аудан әкімі орынбасарлары, дербес бөлім басшылары және мекеме басшылары қатысты.

Сессия барысында аудан әкімінің есебі тыңдалып ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды:

  1. Аудан әкімінің аудандық мәслихат депутаттары алдындағы есебі;
  2. Ауылды дамыту және аграрлық саясат, қоршаған ортаны қорғау және төтенше жағдайлар жөніндегі тұрақты комиссияның есебі;
  3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің І жартыжылдықта атқарған жұмысы туралы есебі;

Сессия барысында депутаттар тарапынан ұсыныстар айтылып, аудан әкімінің жұмысы депутаттар тарапынан оң бағасын алды. Күн тәртібіндегі тыңдалған барлық есептер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

 

Қоғамдық кеңес
18 сентября 2026
Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы
2026 жылғы 17 қыркүйекте Ақжайық аудандық қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті✅
📍Отырысқа күн тәртібіндегі мәселелерге жауапты мемлекеттік мекеме және бөлім басшылары, ауылдық округ әкімінің орынбасары, жеке кәсіпкердің өкілі қатысты.
📝Отырыста ауданның қоғамдық тәртібі, мемлекеттік жастар саясаты, салық мөлшерлемесі, тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған тарифтер, құрылыс нысандарына мониторинг және техникалық бақылау, сондай-ақ Қоғамдық кеңес құрамына өзгеріс енгізу мәселелері қаралды.
⏰Талқылау қорытындысы бойынша бірқатар мәселелер бойынша ұсыныстар беріліп, қосымша зерделеуді қажет ететін мәселелерді 2026 жылғы 25 қыркүйекте қайта қарау туралы шешім қабылданды.
✔️Қоғамдық кеңес отырысында көтерілген мәселелер назарға алынып, тиісті жұмыстар бақылауға алынды.
Қоғамдық кеңес
18 сентября 2026
Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы

26 тамыз күні Ақжайық ауданының Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті

Отырыста ауданның әлеуметтік-экономикалық және коммуналдық салаларына қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Атап айтқанда, қысқы мал азығын дайындау жұмыстары, коммуналдық нысандардың жылыту маусымына дайындығы, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және көмуге арналған тарифтер, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы және денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ұсыныстар айтылып, жауапты сала өкілдерінің ақпараттары тыңдалды.

Техникалық ақауларға байланысты отырыс туралы ақпарат кеш жарияланып отыр

14 сентября 2026
Ақжайық аудандық мәслихат аппараты бойынша бос мемлекеттік әкімшілік лауазым:

Ақжайық аудандық мәслихат аппараты бойынша бос мемлекеттік әкімшілік лауазым:

1.Ақжайық аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру бөлімінің басшысы Е-3 санаты -1бірлік.

Информация вакантной административной государственной должности аппарата Акжаикского районного маслихата:

1.Руководитель организационный отдела аппарата Акжаикского районного маслихата категория Е-4 -1 единица.

14 сентября 2026
Ақжайық аудандық мәслихат аппараты бойынша бос мемлекеттік әкімшілік лауазым:

Ақжайық аудандық мәслихат аппараты бойынша бос мемлекеттік әкімшілік лауазым:

1.Ақжайық аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру бөлімінің басшысы Е-3 санаты -1бірлік.

Информация вакантной административной государственной должности аппарата Акжаикского районного маслихата:

1.Руководитель организационный отдела аппарата Акжаикского районного маслихата категория Е-3 -1 единица.

Мәслихат сессиялары
21 мая 2026
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс XLI сессиясы өтті

Бүгін аудандық мәслихат төрағасы Сәлімгерей Сиражевтің төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс XLI сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және мекеме басшылары қатысты.

Сессия барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды:

  1. Ақжайық аудандық мәслихатының 2025 жылғы 30 желтоқсандағы №38-1 «2026-2028 жылдарға арналған Ақжайық ауданы ауылдық округтерінің бюджеттері туралы»шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  2. Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 17 қаңтардағы №25-1 «Ақжайық аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларын құрамын сайлау туралы»шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  3. Аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 15 сәуірдегі  №14-6 «Ақжайық аудандық мәслихат аппараты»мемлекеттік мекемесі Ережесін бекіту туралы»шешіміне өзгеріс енгізу туралы;

Сессия барысында депутаттар тарапынан ұсыныстар айтылып, әрбір мәселе жан-жақты талқыланды. Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

 

Мәслихат сессиялары
28 апреля 2026
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс XL сессиясы өтті
Бүгін аудандық мәслихат төрағасы Сәлімгерей Сиражевтің төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс XL сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімі Мұрат Сердалин, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және мекеме басшылары қатысты.
Сессия барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды:
1. 2025 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы бойынша Батыс Қазақстан облысы тексеру комиссиясының есебін бекіту туралы;
2. Ауданның 2025 жылғы бюджетінің атқарылуы жөніндегі жылдық есепті бекіту туралы;
3. Ауданның ауылдық округтері бюджеттерінің 2025 жылғы атқарылуы жөніндегі жылдық есептерін бекіту туралы;
4. Аудандық мәслихаттың 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №37-1 «2026–2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
5. Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 13 қазандағы №7-6 «Ақжайық ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
6. Жер комиссиясының құрамын қалыптастыру және оның ережесін бекіту туралы;
7. Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құру туралы.
8. Ақжайық ауданы әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша консультациялық-кеңесші орган құру туралы;
Сессия барысында депутаттар тарапынан ұсыныстар айтылып, әрбір мәселе жан-жақты талқыланды. Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Мәслихат сессиялары
17 марта 2026
Кезекті ХХХІХ сессия отырыс
Бүгін аудандық мәслихаттың кезекті ХХХІХ сессиясы өтті!
Күн тәртібінде ауданның дамуымен байланысты маңызды мәселелер қаралды.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер:
Аудандық мәслихат төрағасының 2025 жылғы атқарылған жұмыстары туралы есебі.
Жаңабұлақ ауылдық округі әкімінің 2025 жылы атқарған жұмысы туралы есебі.
Бударин ауылдық округі әкімінің 2025 жылы атқарған жұмысы туралы есебі.
Ақжайық аудандық мәслихатының 2025 жылғы 30 желтоқсандағы №38-2 «2026-2030 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының даму жоспары туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген мамандарға 2026 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредит беру мәселелері.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия құрамына өзгерістер енгізу.
Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамын бекіту туралы мәселелері қаралды.
Депутаттар ұсыныстар мен тапсырмалар беріп, әрбір мәселеге қатысты талқылаулар жүргізді.
Барлық қаралған мәселелер бойынша шешімдер бекітілді.
Қоғамдық кеңес
13 марта 2026
Қоғамдық Кеңестің кезекті отырысы
Ағымдағы жылдың 12 наурыз күні Қоғамдық Кеңес өз кезекті отырысын өткізді.
Отырыста ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты маңызды мәселелер қаралды: ауылдық елді мекендерге келген мамандарға жәрдемақы және тұрғын үйге қаржылай көмек; Даму жоспарына өзгерістер мен толықтырулар; аудандық жолдардың атаулары мен индекстеріне қатысты қаулының күшін жою.
Жауапты бөлімдер баяндамаларын ұсынды, ал Кеңес мүшелері өз ұсыныстарын білдірді. Отырыс қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар қабылданды.
12 февраля 2026
Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобалары туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобалары туралы талқылаулар еліміз үшін өте маңызды кезең болып табылады. Конституциямыздың жаңаруы, ең алдымен, азаматтарымыздың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сондай-ақ еліміздің саяси және әлеуметтік жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған.
Менің ойымша, Конституцияға енгізілетін өзгерістер Қазақстанның демократиялық дамуына жаңа серпін береді және болашақта еліміздің құқықтық жүйесінің нығаюына мүмкіндік туғызады. Бұл өзгерістер азаматтардың құқықтарын қорғауды одан әрі жақсартуға, елдегі саяси тұрақтылықты сақтауға және қоғамның әлеуметтік әділеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Еліміздің дамуына қатысты осындай маңызды шешімдерге белсене қатысу, өз пікірімізді білдіру әрқайсымыздың азаматтық міндетіміз. Құқықтарымызды қорғау үшін, әрі қарай жетілдіру үшін белсенді болуымыз қажет.
 
 
                                                                                                                                                                                        Мәслихат төрағасы С.Сиражев
Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы