Ақжайық аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының құрамдарын қалыптастыру туралы Ақжайық аудандық мәслихатының ХАБАРЛАМАСЫ

Ақжайық аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының құрамдарын қалыптастыру туралы

Ақжайық аудандық мәслихатының ХАБАРЛАМАСЫ

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 10 және 15 баптарына сәйкес Ақжайық аудандық мәслихаты Ақжайық ауданы мәслихаты депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының құрамдарын қалыптастыру туралы хабарлайды:

 

- №1 округтік сайлау комиссиясы-5 мүше,

- №2 округтік сайлау комиссиясы -5 мүше,

- №3 округтік сайлау комиссиясы-5 мүше,

- №4 округтік сайлау комиссиясы-5 мүше,

- №5- округтік сайлау комиссиясы-5 мүше,

- №6 округтік сайлау комиссиясы-5 мүше,

- №7- округтік сайлау комиссиясы-5 мүше,

- №8- округтік сайлау комиссиясы-5 мүше,

- №9- округтік сайлау комиссиясы-5 мүше,

- №10 округтік сайлау комиссиясы-5 мүше,

- №11 округтік сайлау комиссиясы-5 мүше,

- №12 округтік сайлау комиссиясы-5 мүше. 

 

Әрбір саяси партия тиiстi сайлау комиссиясының құрамына бiр үміткер ұсынуға құқылы. Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшесi болып табылмайтын кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың округтік сайлау комиссияларының құрамына үміткерлер туралы ұсыныстарын қабылдау мерзімі 2023 жылдың
1 қаңтарынан 16 қаңтарға дейін белгіленеді.

Мәслихат белгiлеген мерзіміне саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бiрлестiктердiң және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшілік-аумақтық бiрлiктің аумағында тұруға тиiс.

Саяси партиялар және өзге де қоғамдық бірлестіктер белгіленген уақытта тиісті мәслихаттарға нақты сайлау комиссияларға ұсынған кандидатуралардың тізімін және оған қоса мына құжаттарды ұсынады:

  1. Саяси партияның және жарғы бойынша тиісті уәкілеттігі бар өзге де қоғамдық бірлестіктердің, олардың құрамдық бөлімшелері отырысының хаттамасынан тиісті сайлау комиссиясының құрамына кандидатты ұсынатыны туралы үзіндінің көшірмесі.
  2. Саяси партияның немесе өзге де қоғамдық бiрлестiктің, не оның құрылымдық бөлiмшесiнің әдiлет органдарында тiркелгенi туралы құжаттың көшiрмесi.
  3. Сайлау комиссиясының нөмірін көрсете отырып, кандидаттың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісетіні туралы өтiнiші.

Құжаттарды толтыру кезінде деректерге қате жібермеу мақсатында аудандық мәслихат ұсынылған кандидатураның өтінішіне қоса жеке куәлігінің көшірмесін ұсынуды сұрайды.

Аудандық округтік сайлау комиссияларының құрамына үміткерлер туралы ұсыныстарды Ақжайық аудандық мәслихаты мына мекенжайда: БҚО, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, Қонаев к-сі ,70 үй, 20 бөлмеде, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін (жұмыс күндері) қабылдайды.

 

Құжаттарды тіркеуге және қабылдауға жауапты - аудандық мәслихат аппаратының басшысы А.Умбеталиев, тел:92-3-76, 91-5-00.

 

 

 

С.Сиражев,

Ақжайық аудандық мәслихатының хатшысы.

 

30 желтоқсан 2022 жыл.

 

 

 

 

 

 

 

Ақжайық аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының құрамдарын қалыптастыру туралы Ақжайық аудандық мәслихатының ХАБАРЛАМАСЫ
Дата публикации
30 декабря 2022