«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 10 бабына сәйкес Ақжайық аудандық мәслихаты (бұдан әрі - Мәслихат) мына сайлау комиссияларында бос орындар бары туралы хабарлайды:
№16 учаскелік сайлау комиссиясы – 2 бос орын.
№43 учаскелік сайлау комиссиясы – 2 бос орын.
Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес Мәслихат сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі ішінде олардың құрамына өзгерістер енгізуге құқылы.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясына өзге қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер 2026 жылғы 20 мамырдан 2026 жылғы 3 маусымға дейін мәслихатқа мынадай құжаттарды ұсынады:
1) белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматта сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер;
2) тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) шешімінен үзінді көшірме;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.
Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштердің нысандары /сілтеме https://www.gov.kz/memleket/entities/akzhaik-maslihat?lang=kk / Мәслихат сайтында орналастырылған.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуға тиіс.
Аумақтық сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға, аумақтық сайлау комиссияларының мүшелеріне қойылатын біліктілік талаптарына, аумақтық сайлау комиссиясы мүшесінің міндеттерін орындау үшін қажетті білім деңгейіне, жұмыс өтіліне және (немесе) жұмыс тәжірибесіне, кәсіби құзыреттеріне сәйкес келуі және Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсындағы «Сайлау комиссияларының мүшелерін қашықтықтан оқыту және тестілеу» жүйесі арқылы сайлау туралы заңынан тестілеуден өткендігі туралы сертификатының болуы тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.
Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымның қызметкерлері болуға тиіс емес.
Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстар (ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөрмен куәландырылуы және оларда орындалған күні, орындаушының тегі, инициалдары және телефон нөмірі көрсетілген белгі болуы тиіс.
Ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 3 маусым сағат 18.30-ге дейін жүзеге асырылады. Құжаттарды қабылдау дүйсенбі-жұма күндері сағат 09:00-дан 18:30-ге дейін, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, Қонаев көшесі 70 үй, 20 кабинетте жүзеге асырылады, тел.: (8-71136) 92-3-76.
Құжаттарды тіркеу және қабылдауға жауапты аудандық мәслихат аппаратының басшысы Умбеталиев Азамат Максимұлы, байланыс телефоны: 92-3-76.