Қамқоршылармен және патронат тәрбиешілермен кездесу

Қамқоршылармен және патронат тәрбиешілермен кездесу

7 желтоқсан күні еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары Б.К. Оспанованың бір - біріне шын жүректен сүйіспеншілік, нәзіктік, назар және қамқорлық бере алатын тамаша адамдар-қамқоршылар мен патронат тәрбиешілермен кездесуі өтті. Іс-шара барысында ең әсерлі сәттер қорғаншы аналардың ашық және шынайы сөз сөйлеуі болды. Олардың барлығы балаларын тәрбиелеудің құпиясымен, сондай-ақ олардың жетістіктерімен бөлісті.

Соңында Б.К. Оспанова Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтап, жас ұрпақты тәрбиелеу ісінде Ақтоғай ауданының әлеуметтік дамуына баға жетпес үлес қосқаны үшін алғысын білдірді.