Ауданның білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестерін қалыптастыру туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен бекітілген Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және білім беру ұйымдарында оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларының (одан әрі – Қағидалар) 5-тармағын орындау мақсатында арнайы, мамандандырылған білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңесті қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізілуде.  

Қамқоршылық кеңестің құрамы қамқоршылық кеңес өкілдігіне үміткердің жазылған келісімімен алынған ұсыныстар негізінде қалыптастырылады.

Қағидалардың 7-тармағына сәйкес, Қамқоршылық кеңестің құрамына жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері; жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкілдері; коммерциялық емес ұйым өкілдері (бар болса); ата-аналар комитеті ұсынған әрбір параллель сыныптан, курстан сол білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі; қайырымдылық жасаушылар (бар болса) кіреді.

Жоғарыда баяндалғандар негізінде, Қамқоршылық кеңес құрамына кіру үшін тиісті білім беру ұйымына төменде көрсетілген байланыс мәліметтері бойынша жүгіну қажет.

Ұсыныстарды қабылдау мерзімі ағымдағы жылғы 3 мауысым  мен                16 маусым аралығында.

Білім беру ұйымдарының тізімі қоса беріледі.

 

 

Дата публикации
02 июня 2021