«BALA QORGAU» ЧАТЫ ТӘУЛІК БОЙЫ, ҮЗДІКСІЗ ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ
🔷 2019 жылдың наурыз айынан бастап еліміздегі қиын жағдайға тап болған балаларды дер кезінде анықтап, оларға жәрдем көрсету үшін ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің «Бала қорғау» телеграм чаты жұмыс жасауда.
🔸 Чат құрудағы негізгі мақсат - балаларға көрсетілетін зорлық-зомбылықтың алдын алу, қатыгездікті болдырмау.
📌 «Бала қорғау» чаты тек ақпараттық қолдау көрсетіп қана қоймайды. Себебі, чатта істі басынан, соңына дейін жеткізіп, қадағалайтын Комитет қызметкерлері отырады.
📌 Егер, кәмелетке толмағандардың құқығына нұқсан келгенін байқасаңыз жедел чатқа жүгінуіңізге немесе Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің сенім телефонына ☎️ 8 (7172) 74-25-28 хабарласуыңызға болады.✅