
Шалқар ауданы, Есет Көтібарұлы ауылдық округінде орналасқан № 500 референдум учаскесіне жас отбасы Жолдас Бағылан мен Бақыткереева Ақерке дауыс беру басталған сәттен ерте келіп, азаматтық белсенділігін танытып, өз таңдауларын жасады.
Айта кететін жәйт, мұндай маңызды шараларда жас отбасы алғаш рет дауыс берді.