
Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Абзал Әбдікәрімов Қытай Халық Республикасының Ақтөбедегі Бас консулдығының ұйымдастыруымен өткен ҚХР құрылғанына 75 жыл толуына арналған шараға қатысты.
Шараға өңірдің мұнай-газ саласындағы кәсіпорындар мен жоғары оқу орындары өкілдері шақырылған.
Облыс әкімінің орынбасары өз сөзінде Қытай Халық Республикасының әлемдегі жетекші елдерінің бірі екенін атап өтіп, Қазақстан және Қытай елдері арасындағы қарым-қатынас достық, тату көршілік және стратегиялық әріптестік рухында белсенді дамып келе жатқанын айтты.
Еске сала кетейік, былтырғы жылы Ақтөбе облысының Қытай Халық Республикасымен тауар айналымы 1 млрд. АҚШ долл. құрады. Жақын арада бұл көрсеткішті екі есеге арттыру көзделіп отыр.
Экспортталатын негізгі тауарлар – мұнай және мұнай өнімдері, табиғи газ, мыс және хром кендері, ферроқорытпалар.