Облыс әкімі А.Шахаровтың Конституция күнімен құттықтауы

Облыс әкімі А.Шахаровтың Конституция күнімен құттықтауы

 

Ардақты ағайын! Қадірлі жерлестер!

 Баршаңызды бүгінгі Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ата Заң — мемлекетіміздің мызғымас тірегі, халық бірлігінің алтын діңгегі, еліміздің тұрақты дамуының кепілі. 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум нәтижесінде қабылданған Конституция — өміршеңдігін дәлелдеген төлқұжат.

Қазақстанның зайырлы және құқықтық ел екенін айқындайтын Ата заң - ел бірлігін берік ұстауға негіз болып отыр. Қазақстанның қазіргі бағындырған биіктерінің ең басты тұғыры – бірлік пен береке. Бірлігі жарасқан елдің ғана босағасына береке ұялайды. Ал оның заңнамалық негізі Конституцияда айырықша көрсетілген.

Баршаңызды тағы бір мәрте мерекемен құттықтап, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік тілеймін! Заң бар жерде тұрақтылық бар, әділетті қоғам бар! Ата заңымызды құрметтейік!