Облыс әкімі Асхат Шахаров азаматтарды қабылдады

Облыс әкімі Асхат Шахаров азаматтарды қабылдады


Қабылдау «Анаға тағзым» ғимаратында ұйымдастырылды. Өңір басшысына 22 ақтөбелік мәселелерін айтып, жүгінді.

Облыс тұрғындарын тұрғын үймен қамтамасыз ету, ЖТҚ үшін жер телімін бөлу, коммуналдық және әлеуметтік көмек көрсету мәселелері толғандырады.

Қабылдауға мемлекеттік органдардың басшылары қатысып, ақтөбеліктердің мазалайтын сұрақтарына жауап берді.

Өңір басшысы заң аясында азаматтардың мәселелерін шешуге көмектесу туралы нақты тапсырмалар жүктеді.

Естеріңізге сала кетейік, облыс әкімінің азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауы алдын ала жазылу арқылы тұрақты негізде жүргізіледі.