
Мемлекет басшысының тапсырмасымен Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету жалғасуда.
Бүгінгі күні Темір ауданында үйлер салынып, әлеуметтік нысандар, жолдар жөнделуде, ағын судан бұзылған қорғаныс бөгеттері қалпына келтірілуде.
Темір ауданының әкімі Саламат Аманбаевтың сөзінше, су тасқыны кезінде Шұбарқұдық, Құмсай, Шитүбек және Еңбекші ауылдарында 98 үй су астында қалған. Комиссияның қорытындысы бойынша 41 үй қалпына келтіруге жатады деп есептелді. Бұл үйлерді жөндеуге бюджеттен224,3 миллион теңге бөлінді. Қалған 57 үй апаттық жағдайда деп танылды. Тұрғын үйінен айырылған 36 тұрғын үй үшін Болат Өтемұратов Қоры «Қамқор – Ақтөбе» және «Dar charity»қаржысы есебінен дайын үйлер сатып алынды. Бұл мақсатқа635 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалды. Құмсай ауылындабұдан басқа 21 отбасы үшін жаңа үйлер салынуда. Мердігерлер бұл жұмысты тамыздың соңына дейін бітіруге уәде беріп отыр. Қазіргі уақытта үйлеринженерлік желілерге, су, газ және электр қызметтері қосылуда.
Темір ауданында 63 отбасы материалдық шығындар үшін 26 миллион теңгеден астам өтемақы алды.
Шұбарқұдық ауылында Қызылжар орта мектебі ғимаратын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазір мұнда жөндеу жұмыстары атқарылуда. «КапГрупп» ЖШС мердігерлері мектеп шатырын ауыстырып, еденге плиталар төсеуде, кәріз жүйелерін ретке келтіруде. Бұл мектепте 603 оқушы білім алады.
Сондай-ақ, Тасқопа селосына кіреберіс су өткізу құбыры, Жамбыл ауылы маңындағы Темір өзені үстіне салынған көпір жөнделуде. Аталған екі жобаға 428 миллион теңгебөлінді.
Қазіргі уақытта «Лидер инвест групп» ЖШСҚопада қорғаныс бөгеті құрылысына кірісіп кетті. Ұзындығы 3 километр, биіктігі 2 метрді құрайтын гидротехникалық құрылыс осы күзде пайдалануға берілмекші. Жұмысты жеделдету үшін мердігерлік ұйым 20-дан астам машина, 2 жүк тиегіш, экскаватор, 2 автогрейдер, басқа да қажетті техниканы іскеқосты. Бұл бөгет 48 үйі бар, онда 200-ден астам адам тұратын Қопа селосын су тасқынынан қорғайды. Аталған бөгет көктемгі су тасқынында ағынды суды ұстап тұрды, бірақ енді күрделі жөндеуді қажет етеді.
Шұбарқұдықта қоғаныс бөгеті құрылысы бойынша да жұмыстар басталды. Ол теміржол бойында орналасқан. «Stroy master elite group» ЖШС ұзындығы 860 метр, биіктігі 2 метр бөгет салады. Келешекте Құмсай селосында, Шұбарқұдық ауылының Задепо аумағында, Еңбекші селосынан Шығырлықұм өзені бойымен, Бабатай селосы жағынан Бабатай өзенінде бөгеттер құрылысын жүргізу көзделуде және Шұбарши бөгетіне күрделі жөндеу жасалмақшы. Бұл жұмыстарды атқаруға1,2 млрд. теңге бөлінді. Жобалар қазір сараптамадан өткізілуде.