Ақтөбе облысы бойынша су тасқыны салдарынан 67 шағын және орта бизнестің субъектісі зардап шекті. Оның 38-і өтемақы алу үшін аймақтық комиссияға жүгінді. Бүгінде 34 субъектінің өтініштерін комиссия жалпы сомасы 412,3 млн. теңгеге мақұлдады.
4 кәсіпкерге құжаттардың толық емес пакеті болуына байланысты төлемнен бас тартылды.
Қазіргі уақытта 7 кәсіпкерлік субъектісіне су тасқынынан келтірілген залал бойынша жалпы сомасы 112 млн. теңгеден астам өтемақы төленді. Қалған жобалар бағалау компанияларында әзірленуде.
Айта кету керек, бұл мақсаттарға республикалық бюджеттен 733,5 млн.теңге бөлінді.