Бүгін Президент БАҚ саласы қызметкерлерін марапаттау рәсіміне қатысты

Бүгін Президент БАҚ саласы қызметкерлерін марапаттау рәсіміне қатысты

 

Ең алдымен, баршаңызды Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Журналист – мәртебелі мамандық. Ол – ақиқат сөздің, өткір ой мен шынайы пікірдің және әділ істің жақтаушысы. Сондықтан біз медиа саласының мамандарына әрдайым зор құрметпен қараймыз, – деді Мемлекет басшысы.

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің журналистика және телевизия саласының дамуына елеулі үлес қосқан бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады. Оның арасында “Aqtobe” телеарнасының редакторы Венера Серғазина бар.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының  2024  жылғы  25 маусымдағы №153 өкіміменҚазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы Алғысы: «Ақтөбе» облыстық қоғамдық-саяси газетінің шығармашылық ұжымына     жарияланды.