Су тасқынынан зардап шеккен 152 отбасы жаңа пәтерге көшті

Су тасқынынан зардап шеккен 152 отбасы жаңа пәтерге көшті

 


Ақтөбе облысында су тасқыны салдарын жою және зардап шеккен азаматтарға жан-жақты көмек көрсету бойынша жұмысты жалғастыруда.

 4245  отбасы 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды.

  152 отбасы қираған баспанасының орнына дайын жаңа үй мен пәтерге ие болды. Мәселен, Ойыл ауданы тұрғындарына 68 үй/пәтер ұсынылса, Әйтеке би ауданында — 25, Мұғалжар ауданында — 21, Темір ауданында 16 пәтер берілді. Қалған зардап шеккен тұрғындарға арнап жаңа 398  үй салынып жатыр.

754 отбасы тұрғын үйін жөндеуге және қалпына келтіруге деп өтемақы алды.

 1168 отбасына жоғалған аса қажетті дүние-мүлкін сатып алу үшін 150 АЕК мөлшерінде қосымша көмек көрсетілді.