Олимпиадалық 100 үздік мектеп рейтингінің екінші орнында –  «Білім-инновация» лицей-интернаты  

Олимпиадалық 100 үздік мектеп рейтингінің екінші орнында –  «Білім-инновация» лицей-интернаты  


2023-2024 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылар қатысқан республикалық олимпиадалардың қорытынды кезеңін толық нәтижелеу үшін еліміздің 100 үздік олимпиадалық мектептер рейтингі жасалды.   

 Нәтижесінде өңіріміздің 4 білім беру ұйымы ҮЗДІК олимпиадалық мектепқатарына енді.   

 Ал  Ақтөбе облыстық дарынды жасөспірімдерге арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернаты 2-ші орынға жайғасты.   

 Өніріміздің 100 үздік олимпиадалық мектеп қатарына енген білім беру ұйымдары:

Ақтөбе облыстық дарынды жасөспірімдерге арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернаты;

№ 11 орта мектеп-гимназиясы, Ақтөбе қаласы;

Д.Қонаев атындағы орта мектеп-гимназиясы;

Ақтөбе қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі.