Бірқатар ақтөбелік медбикелерге құрмет көрсетілді

Бірқатар ақтөбелік медбикелерге құрмет көрсетілді


Ақтөбеде халықаралық медбикелер күніне орай бірқатар медбике құрмет пен марапатқа ие болды.

 Облыс орталығындағы Аққағаз Досжанова атындағы конференц-залында өткен салтанатты шараға өңірдегі ардагер медбикелер мен медицина саласының мамандары, Халықаралық Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері қатысты.
 
 Шараға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуов ақхалатты абзал жандарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, жүрекжарды жылы лебізін білдірді. Осы орайда, ол бірқатар медбикелерге облыс әкімінің Алғыс хаттарын салтанатты түрде табыс етті.
 
 Бүгінгі күні өңірде медицина саласының 9500-ден астам орта буын мамандары жұмыс істейді. Қажырлы еңбек пен біліктіліктің арқасында олар өз міндеттерін абыроймен атқарып жүр.