«Бұлақ көрсең, көзін аш» атты экологиялық акциясы өткізілді

«Бұлақ көрсең, көзін аш» атты экологиялық акциясы өткізілді


Бүгін «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында  «Жасыл Ел» жастар  еңбек жасағының белсенді  30 сарбазының қатысуымен Маржанбұлақ ауылында орналасқан «Асыл су» бұлағында «Бұлақ көрсең, көзін аш» атты экологиялық акция өткізілді.

Бұл акцияның мақсаты – тұрғындардың экологиялық бұлақ суын тиімді пайдалануына сеп болу, қала жастарын табиғатты таза ұстауға және қаламызды көркейтуге шақыру.

Белсенді жастар бұлақ айналасын тұрмыстық қалдықтар, қоқыстардан тазартып, қоршауларды, орындықтарды сырлап, ағаштарды әктеді.

Акция соңында белсенді 15 сарбаз Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы және «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары штабының алғыс хаттарымен марапатталды.