«Ақтөбе» футбол клубы экологиялық тайм-аут жариялады

«Ақтөбе» футбол клубы экологиялық тайм-аут жариялады


Бүгін «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Ақтөбе» футбол клубы Орталық стадион маңында сенбілік ұйымдастырды.

«Экологиялық тайм-аутқа» спорт басқармасының ұжымы, клуб басшысы Азамат Шайхы, «Ақтөбенің» негізгі командасы, футзалшылар және QJ League турниріндегі екі жасөспірім командалары, жанкүйерлер атсалысты.

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай өткен сенбілікте стадион айналасы күл-қоқыстан тазартылып, ретке келтірілді.

«Орталық стадион – біздің екінші үйіміз. Оның шашылып жатқаны үлкен сын, сол себепті мұндай сенбіліктер керек-ақ», - деді «Ақтөбе» футбол клубының ойыншысы Әлібек Қасым.