Индустриялық аймақтағы ағаштардың айналасы тазартылды

Индустриялық аймақтағы ағаштардың айналасы тазартылды

 

«Ақтөбе» индустриялық аймағында «Ақтөбе» ӘКК ұжымы резиденттерімен бірлесіп, «Бірге – таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырды.

Шара қатысушылары аумақтағы қоқыстарды жинап, ағаштардың айналасын тазалады. Көшеттер отырғызды. Жалпы, мамыр айының алғашқы онкундігінде аймақтағы өнеркәсіптер өз алаңдарында қылқанжапырақты ағаштардың 100-ге жуық көшетін егеді.

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация басшысы Әуез Таймбетов ел Президентінің бастамасымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалпыға ортақ еңбек тұжырымдамасының идеясын көздейді, сондықтан ӘКК қызметкерлері резидент компаниялармен бірігіп, қаланы абаттандыру мен көгалдандыруға өз үлестерін қосуды ұйғарған.