Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы

Қадірлі жерлестер!
Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтаймын!

Қазақта бірлік туралы мақал-мәтел де, нақыл сөз де жетерлік. Халқымыз оның күнделікті тіршіліктегі орны мен маңызын «бірлік болмай, тірлік болмас», «бірлік түбі - береке», «алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деп түйген.

Иә, ауызбіршілік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерде нәтижелі істер болады. Сын сағатта бірлігін, ұйымшылдығын көрсете білген барша жерлестеріме шексіз ризашылығымды білдіремін.

Бүгін «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында өңірімізде тазалық шаралары ұйымдастырылуда. Әрқайсымыз туған өлкеміздің көркеюіне сөзбен ғана емес, іспен де үлес қосуымыз керек. Бұл — азаматтық парызымыз. Ақтөбеліктердің бір-біріне құрметі, түрлі этнос өкілдерінің тұтастығы мен достығы – экономикалық және әлеуметтік мәселелерімізді табысты шешуге мүмкіндік береді, саяси дамуымызға кепіл.

Осы мамырдағы мамыражай мерекеде әр отбасына береке тілеймін! Келісім мен бірліктің туын биік ұстайық!

 

t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi