«Aktobe Mall» ойын-сауық орталығында терроризмге қарсы оқу іс-шаралары өтіп жатыр

«Aktobe Mall» ойын-сауық орталығында терроризмге қарсы оқу іс-шаралары өтіп жатыр


Бүгін, 16 сәуір сағат 12:00-14:00 аралығында «Aktobe Mall» ойын-сауық орталығында (Ақтөбе қаласы, Сәнкібай батыр даңғылы - 14/1 мекенжайында) Ақтөбе облыстық терроризмге қарсы күрес жедел штабы басшылар мен күзет қызметкерлерінің терророзим қаупіне тосқауыл қою әрекетінің әзірлігін тексеру бойынша оқу іс-шараларын өткізіп жатыр. Оның ішінде персонал мен келушілерді шұғыл эвакуациялау процедурасының тиімділігі тексеріледі.

«Осыған байланысты біз азаматтарды өткізіліп жатқан оқу-жаттығу шараларына түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын, мүдделі мемлекеттік органдардың заңды талаптарын сақтауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және халық арасында жалған ақпараттың таралуына жол бермеуге шақырамыз», - деп хабарлады облыстық терроризмге қарсы жедел штабы.