
Бүгін, 16 сәуір сағат 10:00-12:00 аралығында «City Shopping Center» (Ақтөбе қаласы,12 ш/а -21л мекенжайында) Ақтөбе облыстық терроризмге қарсы күрес жедел штабы басшылар мен күзет қызметкерлерінің терророзим қаупіне тосқауыл қою әрекетінің әзірлігін тексеру бойынша оқу іс-шараларын өткізіп жатыр. Оның ішінде персонал мен келушілерді шұғыл эвакуациялау процедурасының тиімділігі тексеріледі.
«Осыған байланысты біз азаматтарды өткізіліп жатқан оқу-жаттығу шараларына түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын, мүдделі мемлекеттік органдардың заңды талаптарын сақтауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және халық арасында жалған ақпараттың таралуына жол бермеуге шақырамыз»,- деп хабарлады облыстық терроризмге қарсы жедел штабы.