
Бүгін өңір басшысы Асхат Шахаров су тасқыны қаупіне байланысты жағдаймен танысу үшін Ырғыз ауданына ұшып келіп№1 орта мектептегі эвакуациялық пунктке бардыМұнда 49 адам орналастырылған
Облыс әкімі тұрғындармен кездесуінде эвакуациялау шарасы қауіптің алдын алу мақсатында атқарылғанын жеткіздіАуылдарда қандай да бір су басу қаупі орын алсабарлық күш құралдары әзірАл зардап шеккен тұрғындарға тиісті көмек беріледі
«Ырғыз ауданында жергілікті ауқымдағы табиғи сипатқа ие төтенше жағдай режімі жарияландыЕң бастысы сіздердің амандықтарыңызАуылдан көшіру себебін білесіздерТорғай өзенінің деңгейі көтерілдіБөгеттер нығайтылыпбарлық күш жұмылдырылдыАзықтүліктұрмысқа қажетті заттардың барлығы беріледі»деді Асхат Шахаров тұрғындармен кездесуінде
Айтып өтейікҚР Қорғаныс министрлігінің тікұшағымен аудан орталығына тәуекел аймағында тұрған Мамыр және Нұра ауылдарынан барлығы 80 адам көшірілді
Ауыл тұрғындарын қабылдау үшін ЫАлтынсарин атындағы орта мектеп№1 және №2 орта мектептері«Жігер» спорт кешені эвакуациялық орталық ретінде ұйымдастырылдыПункттер қажетті заттармен жабдықталды