
Мағаджан су қоймасы бөгетінің бұзылуына, бөгетті жағалай орналасқан елді мекендерді су басу қаупі болуына байланысты Бесқоспа ауылының тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр.
Қазіргі уақытта ауыл тұрғындары Ұлттық ұланға қарасты Ми-171Е тікұшағына отырғызылып, Бесқоспа ауылынан Бестамаққа жеткізілуде. Азаматтар Бестамақ ауылындағы мәдениет үйіне автобустармен тасымалдануда. Сағат 13:30-дағы ақпаратқа сүйенсек, автобус 6 рет рейс жасаған. Нәтижесінде 200 ерексек, ал 80-і - бала.
Эвакуация кезінде барша тұрғындардан құтқарушылар, жергілікті атқарушы органдар тарапынан айтылатын хабарландыру, ескертулерге құлақ асып, қажетті құжаттарыңызды алып, үйлеріңізді босатуларыңызды сұраймыз.