
Батыс өңірге темір жол құрамымен Ойыл өзенінен өтетін уақытша өткел жасау үшін Алматы облысы Қонаев қаласындағы Қарулы күштердің инженерлік техникасы жіберілді.
Платформаға понтондық-көпір паркінің құралдары бар автокөліктер, Орал-4320, қалқымалы транспортер, байланыс құралдары және қосалқы мүлік тиелген. Паром өткелін салуға 15 әскери қызметші жіберілді.