
Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысы өтті.
Қазіргі уақытта облыс аумағындағы оннан астам өзеннің (Елек, Жем, Торғай, Ырғыз, Ойыл, Қарақобда, Үлкен Қобда, Темір, Тамды, Қауылжыр, Ор) деңгейінен асуына байланысты 5 ауданда (Мұғалжар, Әйтеке би, Қобда, Темір, Ойыл) және облыс орталығында төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны салдарынан 761 тұрғын үй, 10 әлеуметтік нысан, 187 аула мен 99 саяжай үйі зақымданды.
«Су тасқыны салдарынан 6931 адам қауіпсіз орындарға көшірілді. Дайындалған орындар саны — 15 337. Сонымен қатар 7072 жануар қауіпсіз жерлерге көшірілді. Өңірде құрылған жедел штаб тәулік бойы күшейтілген тәртіпте жұмыс жасап жатыр», деді Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Айбат Жаңабергенов.