
Қандыағаш қаласының автовокзалынан Ақтөбе қаласына жаңа автобустар қатынайды.
Сәуір айының 1-нен бастап «Qala Trans» ЖШС-і жаңа «Yutong» маркілі автобустарын Ақтөбе-Қандыағаш бағыттарына шығарды.
Аудан әкімі Дархан Ермағанбетов Қандыағаш қаласының автовокзалына арнайы барып, жұмыстарымен танысып сәттілік тіледі.
Жаңа автобустар алдағы уақытта күн сайын 1,5-2 сағат аралықпен қатынайтын болады. Автобустар өте ыңғайлы жолаушыларға барлық жағдайлар қарастырылған. Жолаушылар сыйымдылығы 47 адамға дейін, жүк тасымалдау үшін арнайы бөлек бөлімі бар. Жол жүру құны 700 теңгені құрайды.