
⚜️ «АруАна» республикалық үздік әйелдер жобалары конкурсы әлеуметтік бағыттағы үздік идеялар мен жобаларды іске асыратын әйел көшбасшыларды қолдауға, біріктіруге және ілгерілетуге бағытталған.
Әлеуметтік бағыты бар үздік әйелдер жобаларын іріктеу Қазақстанның барлық өңірінде жүзеге асырылады.
✔️ Конкурс Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен өткізіледі және 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орайластырылған.
✔️ Конкурс жеңімпаздарын марапаттау рәсімі 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында салтанатты түрде диплом және ерекшелік белгісін (мүсінше) тапсыра отырып өткізіледі.
✔️ Облыстық конкурсқа Ақтөбе облысы аумағында әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыратын әйелдер мен әйелдердің қоғамдық бірлестіктері қатыса алады.
✔️ Өтінімдерді іріктеу конкурстық комиссия жүзеге асырады.
⚡️ Іріктеу қорытындысы бойынша 1 (бір) жеңімпаз жоба Ұлттық комиссияға жіберіледі.
📆 Өтінімдерді қабылдау – 2024 жылғы 5-20 ақпан аралығында өткізіледі.
📥 Конкурсқа қатысу үшін тиісті өтінім Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40, облыстық әкімдіктің 239 кабинетінде немесе m.korganbayeva@aktobe.gov.kz электрондық пошта арқылы қабылданады. Анықтама телефоны: 7 (7132) 564686, 87014540058.