
1. Жыл қорытындысы: Ақтөбе облысының индустриалды-инновациялық дамуы
Жылдың соңғы күндерінде қорытынды шығару дәстүрге айналған. Назарларыңызға Ақтөбе облысының 2023 жылғы дамуының алдын ала қорытындыларын ұсынамыз.
Әр аймақтың басты құндылығы – оның тұрғындары. Халықтың еңбекқорлығы мен бірлігінің арқасында Ақтөбе облысы 2023 жылды әлеуметтік-экономикалық дамудың тұрақты көрсеткіштерімен аяқтауда.
Жыл қорытындысы бойынша облысқа тартылған инвестициялар көлемі рекордтық 1,1 триллион теңгені құрайды деп күтілуде. Мақсатқа қол жеткізуге әбден болады, өйткені биылғы 11 айда инвесторлар өңір экономикасына 931 миллиард теңге құйды.
2023 жылы өңірде бірқатар маңызды және ірі инвестициялық жобалар іске асырылды. Атап айтқанда, шламды қайта өңдеу фабрикасы, жылжымалы бұрғылау қондырғылары зауыты және тағы да басқалары. Нәтижесінде 700-ден астам жаңа тұрақты жұмыс орны құрылды.
Жалпы, алдағы 4 жылда Ақтөбе облысында 4,1 триллион теңгені құрайтын 51 ірі инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Олардың арасында бірегей жобалар бар. Мысалы, қой жүнінен жылу үнемдеуге мүмкіндік беретін құрылыс материалдарын шығаратын зауыт, облыстың қажеттілігін толығымен өтейтін цемент зауыты, никель-кобальт кендерін өңдейтін зауыт және басқаларын айта аламыз.
2. Жыл қорытындысы: білім беру саласы
Әлеуметтік салаға — ерекше назар.
➤ Биыл облыста 6 жаңа мектеп пайдалануға берілді.
Алдағы екі жылда облыста тағы 44 жаңа мектеп салынып, оқушылар орнының жетіспеушілігі мәселесі шешіліп, үш ауысымда оқитын және апатты мектептер жойылады.
➤ Қазір облыста 4 үш ауысымды және 5 апатты мектеп, сонымен қатар 41 ескі мектеп заман талабына сай келмейді.
➤ Қазірдің өзінде 6 ескі мектеп бойынша нақты шешімдер бар. Қалған 35 ауыл мектебінің мәселесі алдағы 5 жылда кезең-кезеңімен шешілетін болады.
➤ Өткен жыл жоғары білім саласында да жемісті болды – Ақтөбеде жетекші шетелдік Heriot-Watt техникалық университетінің филиалы ашылды.
➤ Грант негізіндегі алғашқы 300 студент қазірдің өзінде «мұнай инженериясы және энергетика менеджменті», «Электроэнергетика» және «Компьютерлік инженерия» факультеттерінде оқуын бастады. Білім беру бағдарламалары бүкіл батыс өңірінің техникалық білімі бар кадрларға қажеттілігін ескере отырып таңдалды.
Әрі қарай инфографикадан көре аласыз.