Ауыл шаруашылығы вице-министрі ақтөбелік тауар өндірушілермен кездесті

Ауыл шаруашылығы вице-министрі ақтөбелік тауар өндірушілермен кездесті

ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен келді.
 
Сапар барысында «Айс плюс» ЖШС сүт өңдеу зауытының жұмысымен және «KazFeltek» ЖШС қой жүнін қайта өңдеу зауытының құрылысымен танысты.
 
Сонымен бірге, облыстың 30 жуық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесті.

 
 Кездесу барысында Агробанк құру, дизель отынына бағаны төмендету, несиелеу шарттарын жеңілдету, агроөнеркәсіп кешені субъектілерін несиелеу кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау сұрақтары және ауыл шаруашылығының басқа да мәселелері көтерілді. Осы және  шаруа қожалықтарының басқа да мәселелері ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілінің назарына алынды.