
Бүгін облыста алғаш рет «AMANAT» партиясының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының
I өңірлік форумы өтуде.
Маңызды шараға қатысқан облыс әкімі Асхат Шахаров «Кітап-AMANAT» партиялық жобасы аясында ашылған кітап орталығының жұмысымен танысты.
Өңір басшысы орталыққа Абайдың қара сөздерін, Сейдахмет Құттықадам және Тайыр Мансұровтың кітаптарын сыйға тартты.
«Кітап-AMANAT» жобасы азаматтардың отандық әдебиетке деген қызығушылығын арттыруға, қазақстандық авторлар мен кітап шығарушыларды қолдауға бағытталған. Орталық қорында әртүрлі авторлардың 600-ден аса жаңа кітабы бар. Жоба ұйымдастырушылары сұранысқа сәйкес, әдебиеттер жаңартылатынын айтты.