
Ақтөбе облысының индустриялық - инновациялық даму басқармасының басшысы лауазымына Асқар Тыныштықұлы Әбішев тағайындалды.
Асқар Тыныштықұлы Әбішев 1983 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген, білімі жоғары: 2006 жылы - Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, 2008 жылы - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген.
Еңбек жолын 2000 жылы Ақтөбе облысының Ішкі істер департаментінің аға жедел уәкілі болып бастаған.
2008 – 2010 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі аппаратының ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің бас консультанты, сектор меңгерушісі болып жұмыс істеген.
2010 – 2018 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің индустриялық-инновациялық даму бөлімінің бас сарапшысы, қорғаныс және құқық тәртібі бөлімінің бас консультанты қызметтерін атқарған.
2018 – 2019 жылдары Алматы қаласының Бостандық ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет еткен.
2019 – 2021 жылдары Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларының тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінің басшысы қызметтерін атқарған.
2021 жылдың қазан айынан бастап 2023 жылдың қазан айы аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының инспекторы болып қызмет еткен.