Облыстық кәсіпкерлік басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Облыстық кәсіпкерлік басқармасына жаңа басшы тағайындалды

 

Ақтөбе облысы әкімінің өкімімен Алмас Сағнадинұлы Салықбаев Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

Алмас Салықбаев 1986 жылы дүниеге келген, білімі жоғары: 2007 жылы – Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, 2011 жылы - Қазақ-Орыс халықаралық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2007 жылы «БанкЦентрКредит» АҚ Алматы қаласындағы филиалында бастап, «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ Мұғалжар аудандық филиалының менеджері болып жұмыс істеген.

2009 - 2016 жылдары Мұғалжар ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің жетекші маманы, бас маманы және сектор меңгерушісі, Мұғалжар ауданының статистика басқармасының жетекші маманы, Мұғалжар ауданының экономика, бюджеттік жоспарлау және кәсіпкерлік бөлімі басшысының орынбасары, Мұғалжар ауданының кәсіпкерлік бөлімінің басшысы болып қызмет еткен.

2016 - 2021 жылдары Ақтөбе облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы, Ақтөбе облысының сыртқы байланыстар және туризм басқармасы басшысының орынбасары, Мәртөк ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

2021 жылдың наурыз айынан бастап Мәртөк ауданының әкімі қызметін атқарып келді.