Мәртөк ауданының әкімі тағайындалды

Мәртөк ауданының әкімі тағайындалды


Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Мәртөк аудандық мәслихатының келісімімен Медет Жұмабайұлы Искаков Мәртөк ауданының әкімі лауазымына тағайындалды.
 
Медет Искаков Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, Алматы экономика және статистика академиясын тәмамдаған.
 
Еңбек жолын 2000 жылы Қ.Медетов атындағы Мәртөк балалар өнер мектебінің мұғалімі болып бастап, мектеп директоры қызметіне дейін көтерілген.
 
2016 – 2021 жылдары Қаратоғай ауылдық округінің әкімі, Мәртөк аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, Мәртөк ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.
 
2021 – 2022 жылдары Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасын басқарды.
 
2022 жылдың қазан айынан бастап осы уақытқа дейiн Ақтөбе қаласы Алматы ауданының әкімі қызметін атқарып келді.