Отандық құрылыс компаниясы Ақтөбеде әлеуметтік нысандар салуға ынталы

Отандық құрылыс компаниясы Ақтөбеде әлеуметтік нысандар салуға ынталы

 

Балабақша, мектеп, көпсалалы дене шынықтыру кешені, оқушылар сарайын заманауи талаптарға сай етіп салуға, сондай-ақ, Ә.Молдағұлова атындағы халықаралық әуежайдың ұшу-қону жолағын қайта жаңғыртуға қазақстандық BI Group компаниясы қызығушылық білдіріп отыр.

Бүгін өңір басшысы Асхат Шахаров компания өкілдерін қабылдап, олардың жобаларымен танысып, ой-ұсыныстарын тыңдады. Отырыста әрбір жоба жеке-жеке талқыланды.

Асхат Шахаров бүгінгі таңда Ақтөбенің әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны артқанын, сондықтан саны өсіп жатқан тұрғындар үшін әлеуметтік нысандар аса қажет екенін сөз етті. Әсіресе, қаланың білім беру ұйымдарында озық елдердің білім жүйесі қолданылып, халықаралық стандарттарға сай болуы маңызды.

Кездесу қорытындысы бойынша облыс әкімі BI Group компаниясы ұсынған жобалардың облыс орталығында жүзеге асырылуын жан-жақты зерттеп, бағамдайтын жұмыс тобын құруды тапсырды.