
Қазақстан Республикасының Көлік министрі Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровпен бірге қаладағы әуежайдың жұмыс барысымен танысты.
Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежайы өкілдері министрге жаңа пошта терминал-хабын салу жөніндегі жоба туралы айтып берді. Олардың айтуынша, нысан іске қосылған кезде АҚШ және Еуропадан тауарларды жеткізу мерзімдері бірнеше рет қысқартылады деп күтілуде.