
Облыс әкімі Асхат Шахаров Алға ауданы тұрғындарын жеке сауалдары бойынша қабылдап, азаматтардың өтініш-тілектерін тыңдады.
Қабылдауға келген тұрғындар Жерұйық ауылын газдандыру, Есет батыр-Тоқмансай автомобиль жолын жөндеу жұмыстары және т.б әлеуметтік мәселелерді көтерді.
Аймақ басшысы жеке қабылдауға келген азаматтардың мәселесін салалық мемлекеттік органдармен бірге қарап, заңды тұрғыда жан-жақты зерделеп, шешу туралы нақты тапсырмалар берді.