
Нысан 2019 жылдың соңында пайдалануға берілуі керек еді. Алайда, мердігер ұйым өзін банкрот деп жариялауына байланысты құрылысқа қатысты шарт бұзылды. Былтыр нысанның жобалау-сметалық құжаттамасына, оның ішінде құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты түзетулер енгізілген. Түзетуден кейін объектінің жалпы сметалық құны 1,3 млрд теңгені құрады. Қазіргі уақытта нысан 95%-ға дайын.
Мектеп 2023 жылдың желтоқсанында халық игілігіне беріледі.
Мердігер компанияның есебін тыңдаған облыс басшысы құрылыстың қалған 5%-ын сапалы жасауды, нысанды уақытында уәкілетті орган иелегіне тапсыруды міндеттеді.
Жаңа білім ордасында №5 мектеп-лицейдің оқушылары оқиды. Директор Әлия Әбіғапарованың сөзінше, оқушылар тезірек жаңа ғимараттың пайдалануға берілгенін күтіп жүр. Өйткені, 320 орындық мектепте барлық жағдай жасалады. Бастысы спорт залы, футбол алаңы бар.