Үкіметте өткен кеңесте ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың 10 тамызда Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында берген тапсырмаларының орындалу барысы қаралды

Үкіметте  өткен  кеңесте  ҚР Премьер-Министрі  Әлихан Смайыловтың 10  тамызда  Ақтөбе  облысына  жұмыс  сапары аясында берген  тапсырмаларының  орындалу  барысы қаралды

Орталық  мемлекеттік  органдардың  басшылары  Ақтөбенің  шеткері  аударын дамыту, Ақтөбе мен Хромтауда кәріз-тазарту нысандарын салу, инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту, «Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын» автожолын реконструкциялау, «Қандыағаш – Шалқар – Ырғыз»  тасжолын  және  өңірлердегі жергілікті жолдарды жөндеу бойыша жобаларды іске  асыру туралы баяндады.✅

Сонымен  қатар  Ақтөбе  мен  Қарғалы  су  қоймаларын  күрделі жөндеу жобалары, алты жаңа ірі су қоймасын салу жоспары, сондай-ақ «Бұхара – Орал» магистральдық газ құбырынан Ақтөбеге дейін 3-ші желіні салуды жалғастыру және 30 ауылдық елді мекенді газдандыру туралы баяндамалар ұсынылды.✅

Оған қоса  Ақтөбеде  жұқпалы аурулар ауруханасын салу, Ақтөбе облысының «Фельдшерлік рюкзак» жобасы бойынша тәжірибесін басқа өңірлерге тарату, «Alaqan mektep» қауіпсіздік жүйесінің пилоттық жобасын іске асырудың өзекті мәселелері талқыланды.