
«Ақтөбе» футбол командасы өз алаңында шымкенттік «Ордабасыны» 2:1 есебімен жеңді.
Ойыннан кейін, «Ақтөбе» 44 ұпайға ие болды және турнир кестесіндегі екінші орнына оралды, «Ордабасы» 49 ұпаймен бірінші орында тұр.
«Ақ-қызылдарды» қолдауға келген облыс әкімі Асхат Шахаров ойыннан соң, футболшылармен кездесіп, жеңістерімен құттықтады.
«Жеңіс құтты болсын. Бастысы тартысты ойын болды. Жанкүйерлер керемет эмоция алды. Сіздерге сол көңіл-күйді сыйлағандарыңыз үшін алғыс білдіремін. Ақтөбе - чемпион. Тек алға», - деді Асхат Шахаров.