Ақтөбе облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары тағайындалды

Ақтөбе облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары тағайындалды

Ануар Болатұлы Асылов Ақтөбе облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Ол 1992 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген, білімі - жоғары: 2014 жылы Малайзия Сеги университетін бітірген.

Еңбек жолын «Ақтөбе» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясында қарапайым маманнан бастап басқарма төрағасының бірінші орынбасары лауазымына дейін көтерілген.

2021 – 2022 жылдары Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.