
Бүгін Қазақстан Премьер-Лигасының 18-турында «Ақтөбе» және «Қайрат» футбол клубтары кездесті.
Ақ-қызылдардың өз алаңында ойнауы командаға сөзсіз үлкен күш пен сенімділік берді. Бірінші тайм тең есеппен аяқталды.
Ақтөбелік команда 15 күн ішінде 5 кездесу өткізгеніне қарамастан, барынша күш-жігерлерін салды, трибуналарды толтырған өз жанкүйерлеріне тартысқа толы ойын сыйлады.
Нәтижесінде ойын «Ақтөбе» пайдасына 4:2 есебімен аяқталды. Ақтөбеліктердің қуанышын облыс әкімі Ералы Тоғжанов бөлісті.
«Ақтөбе» құрамасының еншісінде 38 ұпай, команда турнирлік кестенің 3-орнына ие.