
Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов өзекті мәселелерін шешуде көмек сұраған 30-дан астам адамды қабылдады.
Азаматтарды тұрғын үй беру, қаланың дамуына үлес қосқан ақтөбеліктердің есімдерін көшелерге беру, тұрғын үй алаптарын инженерлік коммуникациялармен қамтамасыз ету, жұмысқа орналастыру, ауылда футболды дамыту және т. б. мәселелер қызықтырды.
Ералы Тоғжанов барлық сұрақтарға егжей-тегжейлі жауап беріп, зерделеуді талап ететін бірқатар мәселелерді жеке бақылауына алды.
Мемлекеттік органдардың басшыларына заң аясында азаматтардың проблемаларын шешуге көмектесу туралы тапсырмалар берілді.
Естеріңізге сала кетейік, облыс әкімінің азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдауы алдын ала жазылу арқылы тұрақты түрде жүргізіледі.